29 марта 2024, Пятница

Критиковать качество госуслуг можно и нужно

Правительство для граждан призывает казахстанцев совместно улучшать работу ЦОНов
Фото: ЦОН.

В сентябре государственная корпорация «Правительство для граждан» объявила о запуске проекта «Краудсорсинг», который призван привлечь всех неравнодушных казахстанцев к улучшению работы ЦОНов. Так, граждане могут оставлять свои предложения и замечания по совершенствованию бизнес-процессов оказания государственных услуг на сайте госкорпорации.

На сегодняшний день самыми активными пользователями оказались астанчане, они оставили более одной трети предложений по улучшению работы ЦОНов. На втором месте — жители южной столицы, на их долю пришлось 26%. К слову, за месяц существования проекта определилось 19 участников, от которых поступило 23 предложения. Большинство предложений касается изменения бизнес-процессов оказания некоторых госуслуг.

Напомним, внести свои предложения можно по всем направлениям сферы оказания государственных услуг и деятельности госкорпорации в целом. Оставленные на рассмотрение на сайте предложения можно обсуждать, оставлять комментарии и ставить лайки. Кроме того, победители лучших идей будут поощряться призами. Подробную информацию по проекту можно будет увидеть на сайте www.gov4c.info.

Предложения после отбора будут доработаны и реализованы членами комиссии из числа работников госкорпорации.

_______________________________________________________________________

Қыркүйек айында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Краудсорсинг» жобасының іске қосылғандығы туралы хабарлаған болатын. Аталған жоба өзгерістерге бей-жай емес барлық қазақстандықтарды ХҚО-ларының жұмысын жақсартуға тартуды көздейді. Масалы, азаматтар мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесін жетілдіру бойынша өздерінің ұсыныстары мен ескертулерін қалдыра алады.

Бүгінгі күні астаналықтар ең белсенді қолданушылар болып отыр, олар ХҚО-ның жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстардың 1/3-нен астамын қалдырған. Екінші орында оңтүстік астананың тұрғындары орналасты, олардың үлесінде 26%. Осы ретте, жоба іске қосылған сәттен бастап 19 қатысушы анықталып, олардан 23 ұсыныс келіп түскендігін айта кеткен жөн. Ұсыныстардың көпшілігі кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бизнес-процестерін өзгертуге қатысты.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласының барлық бағыттары және мемлекеттік корпорацияның қызметі бойынша жалпы өз ұсыныстарыңызды енгізуге болатындығын естеріңізге саламыз. Сайтқа қалдырылған ұсыныстарды талқылауға, пікірлер қалдыруға және лайктар басуға болады. Бұдан өзге, үздік идеялардың жеңімпаздары сыйлықтармен көтермеленетін болады. Жоба бойынша толық ақпаратты www.gov4c.info сайтынан көруге болады.

Іріктеуден кейін, ұсынылған бастамалар пысықталып, мемлекеттік корпорацияның жұмыскерлерінен тұратын комиссия мүшелері тарапынан іске асырылатын болады.