6 декабря 2024, Пятница

Экибастузская ГРЭС-1 завершила 2018 год с рекордными показателями мощности

Выработав 19,1 млрд. кВтч электроэнергии

ТОО «Экибастузская ГРЭС-1 имени Булата Нуржанова» завершило 2018-й год, выработав 19,1 млрд. кВтч электроэнергии, что на 29% больше аналогичного показателя 2017 года. В целом на рынке Казахстана, доля электроэнергии выработанной ЭГРЭС-1 составила 18,9 %.

При этом станция продемонстрировала полную готовность к осенне-зимнему периоду с рекордной нагрузкой в 3031 МВт достигнутой 20 декабря 2018 года при работе шести энергоблоков, проектная суммарная мощность которых составляет 3000 мВт. В целом, при работе всех восьми энергоблоков установленная мощность электростанции составляет 4000 МВт.

В течение года Экибастузская ГРЭС-1 выполнила целый комплекс мероприятий для обеспечения бесперебойным электроснабжением своих потребителей. В частности, с начала года на станции был произведен расширенный ремонт энергоблока № 4, текущий ремонт энергоблоков № 3, 5, 7, 8, капитальный ремонт энергоблоков № 2 и № 6.

Кроме того в данный момент ведутся работы по восстановлению последнего восьмого по счету, энергоблока №1. Как и другие энергоблоки станции, данный энергоблок будет оснащен высокоэффективным электрофильтром нового поколения со степенью золоулавливания 99,6 %.

На 2021 год запланировано завершение проекта по реконструкции и модернизации производственного комплекса топливно-транспортного цеха. Проект нацелен на повышение производительности, а также качества и надежности работы оборудования цехов. Данное оборудование несет серьезную нагрузку по подготовке, транспортировке и распределению необходимого количества топлива для котлоагрегатов, так, за 2018-й год объем потребления станцией угля поставляемого ТОО «Богатырь Комир» составил 11,636 млн. тонн.

Экибастузская ГРЭС-1 им. Б. Нуржанова, является флагманом энергетики Республики Казахстан. На рынке электроэнергии предприятие известно как надежный поставщик. Генеральный директор «ТОО «Экибастузская ГРЭС-1 имени Булата Нуржанова» Абишев Мади Вакасович отметил: «Мы работаем ради выполнения главной задачи – экономического развития и благополучия нашего Казахстана. Ввиду этого мы делаем все возможное, чтобы сделать ТОО «Экибастузская ГРЭС-1 имени Булата Нуржанова» безопасной, экологически чистой, эффективной и образцовой электростанцией не только в РК, но и в СНГ».

____________________________________________________________________________________

ЕКІБАСТҰЗ ГРЭС-1 2018 ЖЫЛДЫ ҚУАТТЫҢ РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІМЕН АЯҚТАДЫ

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС 19,1 млрд. кВтс электр энергиясын өндіріп, 2018 жылды аяқтады, бұл 2017 жылдың дәл осындай көрсеткішінен 29%-ға жоғары. Тұтас алғанда, Қазақстан нарығында ЕГРЭС-1 өндірген электр энергиясының үлесі 18,9 %-ды құрады.

Станция бұл орайда жобалық жиынтық қуаты 3000 мВт құрайтын алты энергоблогының бәрі жұмыс істеп тұрып, 2018 жылғы 20 желтоқсанда қол жеткізген 3031 МВт рекордтық жүктемемен күзгі-қысқы кезеңге толық дайындығын көрсетті. Тұтас алғанда, сегіз энергоблоктың бәрі жұмыс істеген кезде, электр станциясының белгіленген қуаты 4000 МВт-ты құрайды.

Жыл бойы Екібастұз ГРЭС-1 өз тұтынушыларын электрмен үздіксіз қамтамасыз ету үшін тұтас іс-шаралар кешенін орындады. Атап айтқанда, жыл басынан бері станцияда № 4 энергоблокта кеңейтілген жөндеу, № 3, 5, 7, 8 энергоблоктарда ағымдағы жөндеу, № 2 және № 6 энергоблоктарда күрделі жөндеу жүргізілді.

Бұдан тыс, қазір соңғы, есеп бойынша сегізінші, №1 энергоблокты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Станцияның бұдан басқа энергоблоктары секілді, аталған энергоблок күл тұту дәрежесі 99,6 % болатын жаңа буындағы тиімділігі жоғары электр сүзгісімен жабдықталады.

2021 жылға қарай отын-көлік цехының өндірістік кешенін қайта құру және қайта жаңғырту жобасын аяқтау жоспарланған. Жоба цехтар жабдығының өнімділігін, сондай-ақ оның сапасы мен сенімділігін арттыруға бағытталған. Аталған жабдық қазандық агрегаттары үшін қажетті отынды дайындау, тасымалдау және бөлу бойынша үлкен жұмыс атқарады, мәселен 2018 жылы станцияның «Богатырь Көмір» ЖШС-нен жеткізілетін көмірді тұтыну көлемі 11,636 млн. тоннаны құрады.

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» Қазақстан Республикасы энергетикасының көшбасшысы болып табылады. Электр энергиясы нарығында кәсіпорын сенімді жеткізуші ретінде танымал. «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-нің Бас директоры Мәди Уақасұлы
Әбішев былай деп атап өтті: «Біз басты міндет – Қазақстанымыздың экономикалық дамуы мен өркендеуі үшін жұмыс істейміз. Сондықтан «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ін тек ҚР ғана емес, сонымен бірге ТМД-да қауіпсіз, экологиялық таза, тиімді және үлгілі электр станциясы ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз».