19 января депутат Павлодарского областного маслихата Орынбасар Алеев, депутаты городского маслихата Манат Алгамбаров и Жанат Ибраев, председатель Общественного совета города Жасулан Садвакасов, советник акима города Сансызбай Тулеубаев, руководитель отдела сельского хозяйства акимата Азамат Копежанов, а также заместитель руководителя отдела земельных отношений акимата Меруерт Калиева посетили село Бескауга Кояндинского сельского округа с целью ознакомления с социально-экономической ситуацией населённого пункта.

В ходе визита в сельском клубе состоялась встреча с жителями села и главами крестьянских хозяйств, в рамках которой были обсуждены актуальные вопросы развития села.
В числе первоочередных проблем жители обозначили необходимость ремонта школы, замены окон и обновления котельного оборудования.
В настоящее время в селе ведётся строительство пожарного поста, также планируется возведение ветеринарного пункта. Строительство скотомогильника запланировано на 2027 год.
Отдельное внимание было уделено развитию спортивной инфраструктуры. Жители отметили необходимость строительства хоккейного корта и футбольного поля. Данная инициатива была поддержана депутатами при утверждении бюджета сельских округов. Аким села сообщил, что в текущем году предусмотрены средства на строительство хоккейного корта и футбольного поля.
Кроме того, руководитель отдела сельского хозяйства разъяснил условия реализации государственной программы «Ауыл Аманаты», а также возможности льготного кредитования под 6 % годовых для приобретения племенного поголовья всех видов сельхозживотных.
В завершение визита участники ознакомились с ходом строительства пожарного поста, а также посетили социальные объекты села — ФАП, школу и сельскую библиотеку.
Все озвученные предложения и вопросы были взяты депутатами на контроль.
_____________________________
Ағымдағы жылдың 19 қаңтарында Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Орынбасар Алеев, қалалық мәслихат депутаттары Манат Алғамбаров пен Жанат Ибраев, қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы Жасұлан Садвақасов, қала әкімі кеңесшісі Сансызбай Төлеубаев, қала әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Азамат Көпежанов, сондай-ақ қала әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысының орынбасары Меруерт Қалиева Қоянды ауылдық округіне қарасты Бесқауға ауылына елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысу мақсатында барды.
Сапар барысында ауыл клубында ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесу өтті. Кездесу аясында ауылды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.
Тұрғындар бірінші кезектегі проблемалар ретінде мектепке жөндеу жүргізу, терезелерді ауыстыру және қазандық жабдықтарын жаңарту қажеттігін атап өтті.
Қазіргі уақытта ауылда өрт сөндіру бекетінің құрылысы жүргізілуде, сондай-ақ ветеринариялық пункт салу жоспарлануда. Мал қорымының құрылысы 2027 жылға жоспарланған.
Спорттық инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Тұрғындар хоккей корты мен футбол алаңын салу қажеттігін айтты. Бұл бастама ауылдық округтердің бюджетін бекіту кезінде депутаттар тарапынан қолдау тапты.
Ауыл әкімі ағымдағы жылы хоккей корты мен футбол алаңын салуға қаражат қарастырылғанын хабарлады.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы «Ауыл Аманаты» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шарттарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері бойынша асыл тұқымды мал сатып алуға жылдық 6 пайызбен жеңілдетілген несие алу мүмкіндіктерін түсіндірді.
Сапар соңында қатысушылар өрт сөндіру бекетінің құрылыс барысымен танысып, сондай-ақ ауылдың әлеуметтік нысандарын, фельдшерлік-акушерлік пунктті, мектепті және ауылдық кітапхананы аралады.
Айтылған барлық ұсыныстар мен көтерілген мәселелер депутаттардың бақылауына алынды.
